Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Хабарламада айтылғандай, мәлімдеме полиция Голуэй және Фойнс порттарындағы, сондай-ақ О’Коннелл-стрит (Дублин қаласының орталығы) көшесіндегі наразылық акцияларын таратқаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалған. Апта басынан бері бұл жерлерде тракторлар мен жүк көліктері қозғалысты бөгеп тұрған.
Сонымен қатар, бір күн бұрын құқық қорғау органдары әскерилердің қолдауымен Уайтгейт мұнай өңдеу зауыты (Корк графтығы) маңындағы блокаданы алып тастаған. Бұл — елдегі жалғыз мұнай өңдеу зауыты.
Үкімет басшысының айтуынша, бұл шаралар пакетін наразылыққа қатысушыларға жасалған жеңілдік ретінде қарастыруға болмайды. Ол шешім ресми тасымалдаушылар мен фермерлер ұйымдарымен бірлесіп қабылданғанын атап өтті және билік «сайланбаған» наразылық жетекшілерімен тікелей келіссөз жүргізбейтінін жеткізді.
Соңғы аптада болған тәртіпсіздіктер Ирландиядағы отын жеткізу тізбегіне айтарлықтай зиян келтіргені де атап өтілді.
Осыған дейін Аустрия мен Италия жанармайға салықты төмендетуді жоспарлап отырғаны туралы жазған болатынбыз.