​Исатай ауданына жылқыға 39 тонна жем жеткізілді

09.02.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Исатай ауданы Қамысқала округінің шаруалары ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қиындықтарға тап болып, дағдарып қалған еді. Мұздақта жылқылар жайыла алмай ашығып, мал шығыны көбейген.

Қамысқала округінің әкімі Рафиғат Тажиденованың айтуынша, Орал қаласынан 39 тонна тартылған бидай әкелініп, қолжетімді бағада сатылуда. 1 кг 104 теңге, яғни 25 кг бір қабы 2600 теңге. Бұл жерде тасымал құнын әкімдік кқтеріп алып отыр. 

- Жемді гаруаларға 10-12 қаптан үлестіріп жатырмыз. Ендігі мақсат қыстан қысылмай шығып, көктемге аман-есен жету, - деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, округтегі жағдай жаңбыр жауып, кейін ауа райының күрт суытқаннан кейін жағдай қиындап кетті. Жайылымдарды қалың мұз басып, соның салдарынан жылқылар өз бетінше азық таба алмай қалды. Шаруашылықтар шұғыл түрде қолдан жемдеуге мәжбүр болды, ал жем-шөп жетпегесін, малдың бір бөлігі қырыла бастады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 11:04

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью