Исатай ауданында жұқпалы ауруға қатысты ірі қара малды тысқа шығаруға тыйым салынды​​

18.02.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Исатай ауданында қаңтардағы жауған жаңбырдан далалық көктайғаққа айналып, жылқылар өріске шыға алмай, шығынға батқан. Енді "жығылған үстіне жұдырық" дегендей, ірі қара арасында жұқпалы диарея ауруы жайлап кеткен болатын.

Жалпы бүгінде Исатай және Зинеден округіне малды тысқа шығарып сатуға тыйым салынып, уақытша шектеу жарияланған. 

Ауданда жұқпалы вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруына Зинеден округінде-119, ал Исатайда 213 ірі қара шалдыққан. Күні бүгінде Зинеденде 81, Исатайда 91 бас ірі қараны емдеп қатарға қосқан. Ветеринар мамандар антибиотикпен емдеу жүріп жатқанын, ал аула-қора дезифекциядан өткенін айтуда. 

Сонымен қатар ауданда жем-шөпке қатысты мәселені шешу жолында жұмыстар жүріп жатыр. Қаңтардағы жаңбырдан кейін далалық көктайғаққа айналып, жылқылар өріске шыға алмай, шығынға батқан. Қазір далалықта қар еріп, дым қалмады. Бұл қорадағы малдың еркін жайылуына мүмкіндік беріп отыр. 

Ашыққан малға Оралдан тартылған ақбидай ұнын беріп жатырмыз. Қамысқала округіне 38 тонна, ал Тұщықұдық округіндегі малшыларға 45 тонна бидай таратылды. Енді Орал қаласынан 80 тонна бидай жемі күні жақын арада жеткізіліп, таратылады.

- Қазір жағдай қалыпқа келе бастады. Аудандағы 7 округ жеммен түгел қамтылады, -дейді аудан әкімі Нұрым Мусин

Шөп көші аудандардан жеткізіліп отыр. Жеке кәсіпкер Қабдырахим Мамашев бір орам шөпті 9500 теңгеден Құрманғазы ауданынан тасып әкеліп жатыр. Қызылқоға ауданынан келген бір орам шөптің бағасы 14-15 мың теңгеден сатылып жатыр.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 17:23

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью