Исатай ауылына 129 шам орнатылды

17.11.2025

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Видеодан скриншот

Исатай ауданына қарасты Исатай ауылында ұзындығы 4 шақырым болатын көше жарығы орнатылып, 129 шам іске қосылды. Жоба жоспарға сай төрт ай ішінде толық аяқталды, деп мәлімдеді Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан бойынша көше жарығын орнату жұмыстары өзге елді мекендерде де жалғасуда. Мәселен, Зинеден ауылында 13,8 шақырым жол бойына 438 шам орнатылуда. Ал Жанбай ауылында 20 шақырым аумаққа 699 шам, Қызыл үй елді мекенінде 2,5 шақырым жолға 38 шам қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Бұл жобалар келесі жылы толық аяқталады, — деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғали.

Бүгін, 13:51

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью