Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Атырау қаласының әкімдігі қаладағы жолдардың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылатынын хабарлады.
Жастар көшесі мен Еркінқала ауылы арасындағы автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Исатай Тайманов атындағы мектеп маңынан Қайыршақты (№10) көшесіне дейінгі аралықта жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Жүргізіліп жатқан реконструкция қала жолдарының сапасын арттырып, көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған.
Осыған байланысты тұрғындардан уақытша туындаған қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Бүгін, 18:07