Ішкі істер министрлігі ескертеді: Смартфоныңызды алаяқтар қашықтан бақылап отыруы мүмкін

20.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ішкі істер министрлігі азаматтарға смартфондарға зиянды қосымшалар орнату арқылы жүзеге асырылатын алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі кезде Android операциялық жүйесі бар мобильді құрылғыларға зиянды бағдарламаларды жүктеп, тарату фактілері анықталған.

Былтыр ІІМ 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың алдын алды

Алаяқтар мұндай қосымшаларды әртүрлі тәсілмен таратады. Атап айтқанда:

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы фишингтік сілтемелер жіберу; Жалған мобильді қосымшалар ұсыну; Фото, бейне немесе құжат ретінде жасырылған зиянды файлдар тарату; Мемлекеттік органдардың, банктердің немесе жеткізу қызметтерінің атынан хабарлама жолдау; Акцияға не ұтыс ойынына қатыстыру сылтауымен қосымша орнатуды талап ету.

«Зиянды бағдарлама орнатылған соң, қаскөйлер телефонға қашықтан қол жеткізе алады. Соның салдарынан шоттағы қаражат ұрлануы, онлайн-несиелер рәсімделуі, жеке деректер мен хат-хабар таралуы немесе құрылғы бұғатталып, ақша талап етілуі мүмкін», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сарапшылар: Телефон алаяқтарымен әзілдесудің өзі қауіпті

Еске сала кетейік, өзіңізді қорғау үшін бейтаныс адамдардың өтінішімен қосымша жүктемеңіз, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеңіз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Тек ресми қосымшаларды пайдаланып, антивирустық бағдарламаны орнатыңыз және банк операциялары туралы хабарламаларды қосып қойыңыз.

Министрлік қауіпті қосымшаның бар екенін мына белгілер арқылы байқауға болатын айтады:

Батареяның тез таусылуы;  Телефонның шамадан тыс қызуы немесе белгісіз бағдарламалардың пайда болуы.

«Күдік туындаған жағдайда интернетті дереу өшіріңіз, банкпен байланысыңыз және құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Сақ болыңыз. Цифрлық қауіпсіздік өзімізден басталады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді

Қоғам • Бүгін, 12:50

Қазақстан мен Өзбекстан келісімге келді: Өңірлік құзырет орталығы қандай мәселені шешеді?

Қазақстан • Бүгін, 12:45

Атырауда 102 млн теңгенің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

Оқиға • Бүгін, 12:37

37 градус аяз: Алдағы демалыс күндері күн күрт суытады

Ауа райы • Бүгін, 12:30

Биыл қанша суару каналы цифрландырылады?

Қоғам • Бүгін, 12:22

Зүлфия Сүлейменова: Жаһандық жылыну Каспий теңізінің жағдайына теріс әсер етіп жатыр

Экология • Бүгін, 12:10

Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 20-дан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 12:05

Алматы жастары мен IT қауымдастық конституциялық реформаны қолдайды

Реформа • Бүгін, 11:57

Сауалнама: Ата-аналардың 78%-ы баласының араласатын ортасын жақсы біледі

Мектеп • Бүгін, 11:45

Ішкі істер министрлігі ескертеді: Смартфоныңызды алаяқтар қашықтан бақылап отыруы мүмкін

Қоғам • Бүгін, 11:37

583 млн теңгеден астам залал: Түркістанда мектеп қаржысын жымқырған 14 адам сотталды

Аймақтар • Бүгін, 11:33

Семейде «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы өтіп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Ауырмайтын жол ізде: Профилактикалық мәдениет қалыптасып келе ме?

Медицина • Бүгін, 11:12

Ресейге 4 тонна металл алып өтпек болғандар ұсталды

Оқиға • Бүгін, 11:11

Петропавлда 21 жастағы жігіт өзіне қол жұмсады

Оқиға • Бүгін, 10:55

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью