Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ішкі істер министрлігінің атынан жалған ақпарат тарап жатыр. Хабарламада азаматтарды "елдегі күрделі жағдайға байланысты" есікті құлыптап жүруге, иммигранттармен байланысқа түспеуге шақырған.
Ішкі істер министрлігі аталған "шұғыл хабарландырудың" шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан "шұғыл хабарландыру" жалған. Азаматтардан ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство жалған ақпарат таратқандар үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.