ішкі істер министрлігінде жаңа кадрлық тағайындаулар жасалды

03.08.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

ҚР ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Руслан Назаров тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаңа тағайындауға дейін полиция полковнигі Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Қызмет жылдары ішінде ол ішкі істер органдары жүйесінде түрлі басшылық лауазымдарды атқарып, мол тәжірибе жинақтаған.
Департаменттің жеке құрамына жаңа басшыны Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов таныстырды.
Кездесу барысында өңір полициясының алдында тұрған негізгі міндеттер айқындалды. ІІМ басшылығы басым бағыттарды айқындады. Олар "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыстың алдын алу және халықтың полицияға деген сенімін арттыру.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментін Абай Жүсіпов басқарған болатын. Қазіргі уақытта ол да министрдің бұйрығымен Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью