Ішкі нарықты қорғау отандық өндірісті қолдау шарты

30.03.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

AMANAT партиясы жанындағы Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі кеңестің отырысында отандық азық-түлік өндірушілердің жағдайы қаралды. Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді, деп жазады Egemen.kz

Жиында сауда желілерінде импорт үлесінің артуы, ретробонустар мен қосымша қызметтер үшін төлемдердің көбейуі, сондай-ақ «көлеңкелі» импорттың күшеюі ішкі нарыққа кері әсер етіп отырғаны айтылды. Қатысушылар қабылданып жатқан шаралар саланың қазіргі сын-қатерлеріне толық жауап бермейтінін жеткізді.

АӨК кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов отандық өндірушілерді қорғау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы қажет екенін айтты. Оның ойынша, соңғы жылдары салалық одақтар импорттық өнімдердің үлесі артып келе жатқанын көтеріп жүр. Ірі сауда желілеріне маржасы жоғары тауарларды өткізу тиімді болғандықтан, көрші елдерде субсидияланатын өнімдер ішкі нарыққа белсенді еніп жатыр. Бұл жағдай әділ бәсекені әлсіретіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Депутат өндірушілер көтерген мәселелер Парламент деңгейінде қаралатынын жеткізді.

Қара алтын мен құбылмалы нарық: Әлемдік экономика қай бағытқа бет алды?

Жергілікті кәсіпорындар сауда желілерінің өнімді сөреге орналастыру үшін түрлі төлемдер талап ететінін айтып отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, бірқатар сауда желілерінің табысының елеулі бөлігі өндірушілерге жүктелген қосымша қызметтер есебінен қалыптасады. Бұл өндіріс көлемінің қысқаруына және инвестициялық мүмкіндіктің шектелуіне ықпал етуі ықтимал.

Салалық одақтар альянсы өкілдерінің пікірінше, көрші елдерден келетін жеткізушілер ішкі нарықты игеру үшін демпинг тәсілдерін қолданады. Соның салдарынан отандық өнімнің бәсекеге қабілеті төмендейді. Альянс сауда желілері табысын ашық сауда үстемесі арқылы қалыптастыратын теңгерімді модель қажет екенін алға тартты.

Made in Kazakhstan: Отандық тауарларды шетел нарығына ұсынатын платформа іске қосылды

Жиында «көлеңкелі» импорттың ұлғаюы да алаңдаушылық туғызатыны айтылды. Мамандар шекарадағы бақылау тетіктерін жетілдіру, ведомстволар арасындағы үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті.

Қатысушылар халықаралық тәжірибе жергілікті өндірушілерді жүйелі қолдау ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ететінін көрсететінін айтты. Отандық кәсіпорындарды қолдау экономикалық саясаттың басым бағытына айналып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға қызмет етуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Әйелін суға батырып өлтірген Павлодар тұрғыны 15 жылға сотталды

Оқиға • Бүгін, 19:55

Ішкі нарықты қорғау – отандық өндірісті қолдау шарты

Экономика • Бүгін, 19:33

Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауы мүмкін

Әлем • Бүгін, 18:45

Үйден шығып, қайта оралмаған: Кентауда жасөспірім іздестіріліп жатыр

Оқиға • Бүгін, 18:23

Трамп Иран мұнайын иемденгісі келеді

Әлем • Бүгін, 18:12

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне жолдама алды

Спорт • Бүгін, 17:55

TikTok-қа телмірген толқын: Балалар қанша уақытын әлеуметтік желіде өткізеді?

Қоғам • Бүгін, 17:50

Қостанайда құрылыс компаниясының басшысы үлескерлердің қомақты қаражатын қалтасына басқан

Жемқорлық • Бүгін, 17:49

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент • Бүгін, 17:41

Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды

Заң • Бүгін, 17:21

Мұнай бағасы барреліне 115 долларға жетті: Рекордтық өсім тіркелді

Экономика • Бүгін, 16:57

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді

Қоғам • Бүгін, 16:40

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?

Қоғам • Бүгін, 16:07

Атырау облысында жол апатынан екі бала көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 15:58

Күнде қуатты жарқыл тіркелді: Жерге қалай әсер етуі мүмкін?

Әлем • Бүгін, 15:39

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью