Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев Иэн Мачадо Гэрриге қарсы титулдық жекпе-жектен кейін медициналық себептерге байланысты 30 күнге жарыстан шеттетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мұндай шешімді Пенсильвания штатының Атлетикалық комиссиясы қабылдаған. Махачевтің уақытша шеттетілуіне жекпе-жек барысында қабырғасынан алған соққысы себеп болған.

Айта кетейік, Ислам Махачев 16 тамызда өткен UFC 330 турнирінде Иэн Мачадо Гэрриді бес раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Төрешілер жекпе-жекті 49:46, 49:46 және 48:47 есебімен Махачевтің пайдасына бағалады.

Осы жеңістің арқасында Махачев чемпиондық белбеуін сақтап, UFC-дегі қатарынан 17-жеңісіне қол жеткізді. Бұл көрсеткіш промоушен тарихындағы ең ұзақ жеңіс серияларының біріне айналды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью