Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

21.11.2025

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жігер Алматай 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Финалда спортшымыз БАӘ құрамасының өкілі Махди Алавлакиді жеңді.

Айта кетейік, бүгін, 21 қарашада Жібек Құлымбетова екінші орын алса, Мансұр Хабибулла үшінші орынға ие болды.

Бұған дейін қазақстандық джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алғаны хабарланған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью