Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
— Исламдық ипотекаға қатысты болашақта көп сұрақ болады деп ойлаймыз. Біз Пәкістандағы Meezan Bank Limited банкімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Құжат Бәйтерек холдингі делегациясының іскерлік сапарында рәсімделді. Қазір заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Бес мемлекеттік орган өз келісімін берді. Енді Мәжіліс исламдық ипотекаға рұқсат берсе, біз оны осы жылдан бастап іске қоса аламыз, — деді Ләззат Ибрагимова Үкіметте өткен брифингте.
Банк басшысы исламдық ипотеканың талаптары мен ережелері де бөлек болатынын атап өтті.
— Қазір Малайзиядағы өнімдердің қандай екенін қарап, зерттеп жатырмыз. Исламдық ипотека — қазіргі ипотекаға ұқсамайтын, мүлде бөлек жүйе, — деп жауап берді Л. Ибрагимова тілші сұрағына.
Бұған дейін Ләззат Ибрагимова алдағы жылдары елімізде баспана бағасы төмендемейтінін айтқан еді.