Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Испания премьер-министрі Педро Санчес Ливанның «жаңа Газаға» айналуына жол бермеу қажет екенін мәлімдеді.
Барселонада өткен «Еуропа тынысы» форумында қорытынды сөз сөйлеген Санчес Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың маңызын атап өтті.
«Ливанның жаңа Газаға айналуына жол бермеуіміз керек», – деді ол.
Сонымен қатар Санчес Израильді халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзды деп айыптады.
-Егер біз өзге елдердің бізге сенім артып, қолдау көрсеткенін қаласақ, Еуропа бірізді әрекет етуі тиіс. Сол себепті кеше мен Еуроодақ пен Израиль арасындағы серіктестік туралы келісімді тоқтата тұруды ұсындым. Өйткені Израиль бірқатар талаптарды, әсіресе халықаралық және гуманитарлық құқыққа қатысты міндеттемелерді орындамай отыр», – деп атап өтті Испания үкіметінің басшысы Педро Санчес.
Осыған дейін Израильдің Иранға шабуылдарын тоқтатқанымен Ливандағы операцияларын жалғастырып жатқаны туралы жаздық.
Иран Израильдің Ливанға жасаған соққыларынан соң Ормуз бұғазын қайта жапты.
Израильдің Ливан аумағына жасаған соққыларын БҰҰ Бас хатшысы айыптады.