Испания премьері ЕО мен Израиль арасындағы серіктестік келісімді бұзуға шақырды

19.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

— Халықаралық құқықты немесе ЕО қағидаттарын бұзатын үкімет оның серіктесі бола алмайды, — деді ол Андалусиядағы митингте.

Politico басылымының жазуынша, Испания бұл ұсынысты 21 сәуірде өтетін ЕО сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ресми түрде көтермек.

Санчес ЕО-дағы Израильдің ең қатаң сыншыларының бірі саналады. Бұған дейін ол Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Газа секторында геноцид жасады деп айыптап, сондай-ақ АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен соққыларын сынаған.

Өз кезегінде Израиль геноцид туралы айыптауларды жоққа шығарып, Газа секторындағы әскери әрекеттердің мақсаты ХАМАС содырларын жою және израильдік кепілге алынғандарды босату екенін мәлімдеді.

Politico мәліметінше, Мадридтің бұл ұсынысы жақын арада қабылдануы екіталай, өйткені келісімді тоқтату үшін ЕО-ға мүше барлық 27 елдің келісімі қажет.

Айта кетейік, ЕО мен Израиль арасындағы ассоциация туралы келісім 1995 жылы жасалған. Құжатта адам құқықтарын сақтау туралы тармақ бар, оны бұзу келісімді қайта қарауға негіз бола алады.

Бұған дейін Испания, Словения және Ирландия сыртқы істер министрлері ЕО дипломатиясының басшысы Кая Калласқа жолдаған хатында Израильді осы келісімді бұзды деп айыптаған.

Еске салсақ, Испания премьер-министрінің зайыбына сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылғаны белгілі болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью