Испания қатарынан алты матчта гол жібермеген алғашқы команда атанды

07.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Global Look Press

АҚШ, Канада мен Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында Испания құрамасы топтық кезеңдегі үш кездесуде де, сондай-ақ плей-оффтың алғашқы екі матчында да қарсыластарына гол соғуға мүмкіндік берген жоқ.

Бельгия АҚШ құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты

1/8 финалда испаниялықтар Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, өз қақпасын тағы да голдан аман сақтап қалды. Матч барысында Португалия көшбасшысы Криштиану Роналду қақпаға небәрі екі дәл соққы бағыттады.

Бұдан бөлек, Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон да жеке рекордқа қол жеткізді. Ол бір әлем чемпионатында қатарынан бес матчта гол жібермей, 1990 жылғы әлем чемпионатында италиялық Вальтер Дзенга орнатқан көрсеткішті жаңартты. Қазіргі таңда оның мундиальдағы гол жібермеген ойын уақыты 609 минутқа жетіп отыр.

Екі пенальти, қызыл қағаз және бес гол: Англия Мексиканы жеңді

Айта кетейік, Испанияның гол өткізбеген ойындар сериясы Қатарда өткен әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Мароккомен кездесуден басталған. Содан бері команда жалпы 10 сағат 9 минут бойы өз қақпасын голдан қорғап келеді.

Еске салайық, АҚШ-тың Даллас қаласында өткен ойында Испания құрамасы Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз әрі шешуші голды Микель Мерино соқты. Португалияның жеңілісінен кейін ұлттық құраманың бас бапкері Роберто Мартинес қызметінен кететінін мәлімдеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью