Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты
Ойынның 10-минутында Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль есеп ашты. Бұл оның әлем чемпионаттарындағы алғашқы голы болды. 21-минутта шабуылшы Микель Оярсабаль еуропалықтардың басымдығын еселей түсті. Арада үш минут өткенде Оярсабаль дубльдің авторы атанды. Ал 49-минутта Сауд Арабиясы құрамасының қорғаушысы Хассан Әл-Тамбакти өз қақпасына гол соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі. 4:0.
Екі турдан кейін Испания құрамасының төрт ұпаймен өз тобында көш бастап тұр. Ал Сауд Арабиясы бір ұпаймен соңғы, төртінші орынға жайғасты.
Үшінші турда Испания құрамасы Уругваймен кездеседі. Дәл сол күні Сауд Арабиясы Кабо-Верде командасына қарсы ойнайды.