Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фото: istockphoto.com
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы мамырдағы өлім-жітім деңгейі соңғы он жылдағы орташа көрсеткіштен 3,6 есе жоғары болған. Билік өкілдері мұны жаз басталмай тұрып қалыптасқан аптап ыстықпен байланыстырып отыр.
Бағалау жұмыстары күн сайынғы өлім-жітім көрсеткіштерін тіркейтін Momo мониторинг жүйесінің деректері негізінде жүргізілген. Бұған дейін Испанияның Aemet ұлттық метеорологиялық агенттігі елдің бірнеше қаласында температуралық рекордтар жаңарғанын хабарлаған еді.
Айта кетейік, 2025 жылдың жазында Испаниядағы аптап ыстықтан 1060 адам көз жұмған болатын. Осыған байланысты Испания премьер-министрі Педро Санчес қоғамдық ғимараттарда климаттық баспаналардың ұлттық желісін құру бастамасын жариялаған.
Сондай-ақ БҰҰ жақын апталарда Эль-Ниньо климаттық құбылысының қалыптасуы мүмкін екенін ескерткен. Мамандар оның құрғақшылыққа, су тасқындары мен орман өрттеріне әкелуі ықтимал екенін айтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» еліміздің 4 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін екендігін мәлімдеген болатын.