Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
видеодан алынған кадр
Жыл сайын өткізілетін мереке аясында қала көшелеріне арнайы өсірілген жауынгерлік бұқалар жіберіліп, қатысушылар олармен бірге жүгіріп өтеді. Биылғы жарыс – сегіз күнге созылатын фестивальдің бесінші кезеңі.
Бұл дәстүр жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристі тартқанымен, қауіпсіздік тұрғысынан ең қатерлі шаралардың бірі саналады. Жарыс барысында қатысушылар жарақат алып, сүйек сындыру жағдайлары жиі тіркеледі.
Соған қарамастан, Сан-Фермин фестивалі Испаниядағы ең танымал мәдени іс-шаралардың бірі болып қала береді.
Айта кетейік, Испанияда мамыр айында аптап ыстықтың салдарынан 101 адам қайтыс болды. Бұл соңғы онжылдықта тіркелген ең жоғары көрсеткіш болғанын хабарлаған едік.