Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

28.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Испанияда екі жүрдек пойыздың соқтығысуы салдарынан кемінде 46 адам қаза тапты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан AВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты Толедо провинциясындағы Лос-Йебенес пен Урда елді мекендерінің арасында болған. Қазіргі уақытта кемінде 46 адамның қаза тапқаны расталды. Бұдан бөлек, ондаған жолаушы жарақат алған.

Испанияның Көлік министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, AVE жүрдек пойызы жеке Iryo компаниясына тиесілі пойыздың артқы бөлігіне соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, пойыздың соңғы екі вагоны аударылып кеткен. Қазіргі уақытта теміржол желісіндегі қозғалыс тоқтатылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью