Испанияда көпір қирап, бес адам мерт болды

05.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Оқыс оқиға Испанияның Сантандер қаласындағы Эль-Бокаль жағажайының жанында болған.

Ағаш көпір Эль-бокаль жағажайы мен Испанияның океанография институтын байланыстырып тұрған. Әзірге құрылыстың не себепті құлағаны анықталып жатыр. Оқиға болған кезде көпірде 7 адам болды. Барлығы ағынды суға құлаған. Салдарынан 5 адам көз жұмып, бір адам із-түзсіз жоғалды. Ал тағы бір адам тірі қалды. 

Еске салайық, Конго Республикасында көпірдің опырылуынан 32 адам қаза тапты.

Бұған дейін Қытайда салынғанына бір жыл болмаған көпір қирады. Полиция көпірді құлардан бір күн бұрын көлік қозғалысын шектеп, толық жапқан.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью