Испанияда Ла Лига төрешілерінің жұмысын жасанды интеллект бағалайды

22.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: unite.ai

«Біз төрешілердің жұмысына жасанды интеллект енгізгелі отырмыз. Екі негізгі бағыт жүзеге асады. Біріншісі – төрешілердің жұмысын бағалау. Әр матчтан кейін төрешілердің техникалық комитеті (CTA) төрешіліктің әр қырын бағалайтын бақылаушыларды қолданады. Барлығы 30 түрлі критерий бар. Қазір бұл жұмысты адамдар атқарады: 20 төрешіге 30 бақылаушы бекітілген. ЖИ көмегімен біз шешімдердің кем дегенде 40%-ын объективті түрде қабылдауға мүмкіндік беретін құрал жасап жатырмыз. Барлық матчтардың негізінде жүйе түзіліп, алгоритмдер қалыптасады», – дейді Хавьер Тебас.

Оның айтуынша, ЖИ бәрін талдап, төрешінің қай тұста дұрыс болған, болмағанын көрсетеді.

«Біз процесті барынша объективті етеміз. Сонымен қатар, бұл төрешілерді матчтарға тағайындаумен тығыз байланысты болады. Комитетке ЖИ көмегімен ойынға үш төрешінің кандидатурасы ұсынылады. Мен адам интеллектісіне сенемін, бірақ кейбір жағдайларда ЖИ көмектесуі керек», – дейді маман.

Marca мәліметінше, жасанды интеллект белгілі бір параметрлер бойынша әр матчқа екі немесе үш төрешіні ұсынатын болады. Бірақ соңғы шешімді адам қабылдайды. Яғни, ЖИ өз бетінше төрешілерді тағайындамайды.

Айта кетейік, ЖИ төрешілік жүйесін басқа спорт түрлерінде де өзгертіп жатыр. Теннисте Hawk-Eye технологиясы доптың түскен жерін дәл анықтап, ATP-ға шеткі төрешілерден бас тартуға мүмкіндік бермек. Баскетбол мен бейсболда ЖИ фол мен страйк-зонаны анықтауға көмектеседі. Алайда субъективті шешімдер үшін адам төрешілер қажет. Бұл мысалдар ЖИ-дің объективті тапсырмаларда тиімді екенін көрсетеді. Бірақ футбол сияқты динамикалық әрі эмоцияға толы спортта күрделі тәсіл қажет.

ЖИ футбол төрешілігін жетілдіруде дәлдік пен объективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. VAR сынды қазіргі технологиялар шешімдердің дәлдігін 94-99%-ға дейін арттырды.

Айта кетейік, Ла Лиганың 25/26 маусымындағы қорытынды бойынша «Барселона» мерзімінен бұрын чемпионы атынып отыр. Испания чемпионатының маусымы 26 мамырда аяқталады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью