Испанияда мигранттарды заңдастырудың жаңа бағдарламасы іске қосылады

27.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Испания үкіметі сейсенбі күні заңсыз мигранттарға заңды мәртебе алуға мүмкіндік беретін рәсімді бекітті.

Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады. Алдын ала бағалау бойынша, бұл мүмкіндікті кемінде жарты миллион адам пайдалана алады.

Ресми мәртебеге өтініш беру құқығына өткен жылдың соңына дейін Испанияда кемінде бес ай тұрғанын дәлелдей алатын заңсыз мигранттар ие болады. Бұл жөнінде бұған дейін солшыл коалиция құрамындағы Podemos партиясынан Еуропарламент депутаты Ирене Монтеро журналистерге мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, өтініштің өзі өтініш берушіге бір жыл мерзімге тұруға және жұмыс істеуге рұқсат береді.

Испания үкіметі «регуляризация» деп атаған бұл рәсімге өтініш білдірушілердің соттылығы болмауы тиіс. Заңды мәртебені Испания аумағында жүрген балаларымен бірге алуға мүмкіндік беріледі.

Испания билігі өтініштерді қабылдауды сәуір айынан бастап үш ай бойы жүргізуді жоспарлап отыр.

Миграция істері жөніндегі министр Эльма Саис RTVE телерадиокомпаниясына берген сұхбатында заңдастырудан кейін мигранттар Испанияның кез келген өңірінде және кез келген салада жұмыс істей алатынын айтты.

Ол еңбек миграциясы Испания экономикасы үшін қажет екенін атап өтіп, үкімет бұл шешімі арқылы «Испанияда іс жүзінде өмір сүріп жатқан адамдардың бар екенін және олардың қадір-қасиетін мойындайтынын» жеткізді.

Саистің айтуынша, үкіметтің алдын ала есебі бойынша, бұл бір реттік жаңа рәсімді шамамен жарты миллион заңсыз мигрант пайдалана алады.

Испания Ұлттық статистика институтының соңғы деректеріне сәйкес, бүгінде ел тұрғындарының әр жетіншісі — иммигрант.  49,4 миллион халықтың ішінде жеті миллионнан астамы — мигранттар. Олардың басым бөлігі Испанияда заңды негізде тұрады. 

Айта кетелік АҚШ елден өз еркімен кететін заңсыз мигранттар төлемін 3000 долларға дейін көтерген еді

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью