Испанияда пойыз апатынан 21 адам қаза тапты

19.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып кетіп, 21 адам опат болды.

Тағы 100-ге жуық азамат зардап шекті. Қайғылы жағдай Кордова провинциясының Адамус елді мекенінде болған. 317 жолаушысы бар пойыз Мадридке бет алған. Кенеттен шойын жолдан шығып, қарсы келген пойызбен соқтығысады. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жарақат алғандар жайлы ақпарат нақтылануда. Мадрид пен Андалусия арасында жүрдек пойыздардың қозғалысы уақытша шектелді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью