Испаниядағы турнирде қазақстандық 11 боксшы бас жүлдені сарапқа салады

07.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жартылай финала ел құрамасынан қазақстандық 17 былғары қолғап шебері сынға түскен еді. Олардың арасынан 11-і жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ел құрамасынан ерлер арасында Санжар Ташкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Аман Қонысбеков, Нұрбек Оралбай, Сағындык Тоғамбай, Нұрасыл Асылхан және Айбек Оралбай алтын жүлдеге таласады.

Ал әйелдер арасында Назерке Серік, Умида Садықова және Панар Сейітханкызы чемпиондық атаққа таласады.

Ерлер

50 келі. Санжар Тәшкенбай - Карлос Диас Лопес (Испания) 5:0

50 келі. Нұрзат Оңғаров - Исмаэль Маграуи Фриа (Испания) 1:4

55 келі. Махмуд Сабырхан - Манденгбам Джадумани Сингх (Үндістан) 5:0

70 келі. Төрехан Сабырхан - Хитеш (Үндістан) 5:0

70 келі. Нурбек Мурсал - Дипак (Үндістан). Қарсыласының жарақатына байланысты Дипак финалға шықты.

75 келі. Тимур Нұрсейітов - Акаш (Үндістан) 1:4

75 кг. Аман Қонысбеков - Юрий Захареев (Украина) 4:0

80 келі. Азамат Бектас - Анкуш (Үндістан) 0:4

85 келі. Нұрбек Оралбай - Рикардо Адриан Фреснеда (Испания) 3:2

90 келі. Сағындык Тоғамбай - Павел Мичковский (Украина) 5:0

90 келіден жоғары. Нұрасыл Асылхан - Дмитрий Ловчинский (Украина) 4:1

90 келіден жоғары. Айбек Оралбай — Андрей Халецкий (Украина) 5:0

Әйелдер

48 келі. Елянур Тұрғанова - Марта Лопес дель Арболь (Испания) 0:5

65 келі. Назерке Серік - Пранджал Ядав (Үндістан) 3:2

80 келі. Гузаль Садыкова - Наина (Индия) 0:5

80 келі. Умида Садықова - Каур Манкират (Үндістан). Бірінші кезеңде Садықованың қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды.

80 келі. Панар Сейтханкызы - Тиндая Люсия Гильен Ортис (Испания) 5:0.

Финалдық жекпе-жектер 7 ақпан күні өтеді. Еліміздің ерлер құрамасы үшін халықаралық турнир — Нұржан Насановтың жетекшілігімен өтіп жатқан алғашқы жарыс. Ол жыл басында Қайрат Сәтжановты алмастырған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью