Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: сhampionat.com
Возинья топтық кезеңіндегі алғашқы турдың үздік ойыншысы атанды. 0:0 есебімен тең аяқталған ойында Испания құрамасы 27 соққы жасаған. Оның 7-еуі қақпаға дәл бағытталған. Алайда 40 жастағы қақпашы бірнеше қауіпті сәтті қайтарып, командасын жеңілістен сақтап қалды.
Ойыннан кейін Еуропа чемпионына қарсы тең нәтиже көрсеткен қақпашы эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алды.
Матчқа дейін оның әлеуметтік желідегі жазылушылары шамамен 46 мың болса, ойыннан кейін 5,6 миллион жазылушыға жеткен.
Возинья клубтық деңгейде Португалияның «Шавеш» командасында ойнайды. Бүгінде қақпашының нарықтық құны шамамен 50 мың еуро деп бағаланады.
Айта кетейік, 21 маусым күні сағат 21:00-де Испания Сауд Арабиясы ұлттық құрамасына қарсы ойнайды. Ал Кабо-Верде құрамасы 22 маусымда сағат 03:00-де Уругваймен кездеседі.