Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Басылымдағы мақалада Алматы қысқы әрі белсенді туризмге арналған инфрақұрылымы дамыған Инсбрук (Австрия), Гренобль (Франция) және Зальцбург (Австрия) сынды танымал бағыттармен қатар ұсынылған.
Фото: Алматы әкімдігіАлматы әкімдігінің мәліметінше, материал Viajar журналы өкілдерінің Алматыға жасаған сапарының нәтижесінде әзірленген. Аталған сапар Almaty Tourism Bureau қолдауымен ұйымдастырылып, қонақтарға қаланың басты туристік нысандары, табиғи келбеті мен мәдени көрікті жерлері көрсетілген.
Фото: Алматы әкімдігіФото: Алматы әкімдігі— Әсіресе, Шымбұлақ тау шаңғысы курортына ерекше назар аударылған. Мұндағы аспалы жол қонақтарды теңіз деңгейінен 3 мың метрден астам биіктікке көтерсе, әлемдегі ең биік таулы ашық мұз айдыны орналасқан Медеу кешені де тамсандырды. Аспалы жолмен жоғары көтерілу ұмытылмас әсер сыйласа, қаланың бай мәдени және гастрономиялық өмірі Алматыны саяхатшылар үшін бұрынғыдан да тартымды ете түседі, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, 1978 жылы құрылған Viajar журналы Испаниядағы ең беделді туристік басылымдардың бірі саналады. Саяхатшыларға арналған басылым мәдени, белсенді әрі танымдық туризмге басымдық береді.
Еске салайық, бұған дейін Vogue Қазақстанды 2025 жылғы ең үздік 14 бағытқа қосты.