История с письмом из Гарварда: в Павлодаре прокомментировали ситуацию со школьницей

06.11.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Павлодарлық оқушы қыздың Гарвардқа және басқа да шетелдік жоғары оқу орындарына түсуі туралы мәлімдемелерге қатысты оқиға жалғасын тапты. Павлодар облысының білім басқармасы қыздың, соның ішінде Harvard Extension School оқу орнынан шақырту алғаны туралы ақпаратты тексеру қажет екенін хабарлады. Оқушы қыздың ата-анасы полицияға арызданған. Ал педагогтер әлеуметтік желілерде қызды қорлауға және қудалауға жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тоғыз тіл меңгерген, FLEX халықаралық бағдарламасының қатысушысы және Гарвардты қоса алғанда, бірнеше шетелдік жоғары оқу орнына оқуға түскені айтылған павлодарлық 17 жастағы оқушының жетістігі туралы жазбалар тарады.

Оқушы қыздың Гарвардқа түскені туралы жарияланымға Threads-тің қазақстандық қолданушысы Даниял Сүлеймен күмән келтірді. Оның айтуынша, күмәнға көрсетілген мерзім себеп болған. Жарияланымдарда қыз оқуға қабылданғаны туралы ұсынысты қазанда алғаны айтылған. Алайда құжат ерте тапсырылған жағдайда да, қабылдау нәтижелері әдетте желтоқсанда жарияланады. Сонымен қатар жас жігіт бұған дейін оқушы қыз туралы жарияланымдарда аталған грантты таба алмағанын жеткізді.

Даниял Сүлеймен өз жазбасында жоғары оқу орны өкілдерімен жүргізген хат алмасуының скриншоттарын да жариялады. Оның айтуынша, университеттен келген жауапта қазақстандық оқушы қыздың бұған дейін хабарлаған оқуға қабылданғаны және стипендия берілгені туралы хатының шынайы емес екені көрсетілген.

Оқушы қыздың анасы Әсия Оқасова видеоүндеу жариялап, қызының барлық шақырту келген электрондық поштасын бұзып кірген болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Гарвардқа қатысты жағдай мен басқа шетелдік университеттерден келген шақыртулар мәселесін анықтаймыз. Менің ойымша, баланың электрондық поштасын бұзып, біреу оны мазақ еткен. Мен анасы ретінде қазір баламды қорғағым келеді. Менің балам кәмелетке толмаған. Мен ештеңе ойдан шығармаймын. Мен өз баламды жақсы білемін, біз бүкіл әлемге танымал болуды көздемейміз, бұл ақымақтық, түсініңіздер. Жай ғана біреу оның поштасын бұзып, мазақ еткен", - деп үн қатты павлодарлық оқушы қыздың анасы әлеуметтік желіде жарияланған видеода.

Павлодар облысының білім басқармасы оқушы қыз Harvard Extension School оқу орнынан хатты 30 қазанда алғанын хабарлады.

"Оқушының айтуынша, хатта 2027 жылдың күзгі семестрінен бастап негізінен онлайн форматта ұсынылатын гуманитарлық ғылымдар бакалавриаты (Bachelor of Liberal Arts - ALB) бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі және оқу кезеңіне толық стипендия беру туралы ақпарат болған. Сондай-ақ отбасының мәліметінше, оқушы қыз басқа да бірқатар шетелдік жоғары оқу орнынан шақырту мен ұсыныс алған. Қазір ұсыныстар, соның ішінде Harvard Extension School оқу орнынан келген хат туралы мәліметтер қосымша нақтылауды және тексеруді қажет етеді", - деді облыстық білім басқармасының өкілдері.

Білім басқармасы тексеріс аяқталғанша ведомствоның ресми парақшасынан оқушы қыздың жетістіктері туралы ақпаратты алып тастағанын хабарлады.

"Жарияланым оның білім алуға ұмтылысын қолдауға және оқушылар арасында академиялық даму мүмкіндіктерін насихаттауға бағытталған еді. Гарвард университетіне оқуға түсу туралы ақпараттың шынайылығына күмән келтіретін жарияланымдар пайда болғаннан кейін материал басқарманың ресми парақшасынан өшірілді. Қазірг мектеппен және отбасымен бірлесіп, хаттың қалай алынғаны және шетелдік оқу орындарынан келген ұсыныстардың мазмұны анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық білім басқармасы.

Ведомство оқушы қыз Ломоносов атындағы ММУ-да оқуға ішінара білім беру грантын алғанын растады.

Павлодар облысының білім басқармасы БАҚ пен қоғам өкілдерін расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуға, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған қызды қудалауға жол бермеуге шақырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью