Италия Гарри дауылынан бір млрд еуро шығынға ұшырады

23.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Италияда "Гарри" дауылынан келген шығын 1 миллиард еуродан асты.

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Бірнеше күн бұрын Апеннин түбегінің оңтүстік жағалауына сағатына 120 шақырым жылдамдықпен қатты жел соғып, биіктігі 9 метрлік толқын тұрған еді. Салдарынан аймақтағы инфрақұрылымға орасан зиян тиді. Әсіресе Сардиния мен Сицилия өңірі қатты зардап шекті. Жергілікті билік табиғат апатынан келген шығынды 740 миллион еуро деп бағалап отыр. Қазір аймақта құтқару жұмыстарына 450-ден астам маман тартылған. Жағалаудағы кей аудандар жабық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью