Италия премьер министрі Джорджа Мелони Қасым Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

06.09.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

"@TokayevKZ Президент мырза, біздің кездесулерімізге әрдайым тән ықыласыңыз бен шынайы достық ілтипатыңыз үшін рақмет. Болашаққа көрегендікпен қарайтын көшбасшымен жұмыс істеу – үлкен мәртебе. Өзіңізбен бірге Италия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, энергетика, маңызды минералдар және университетаралық ынтымақтастық сияқты жаңа әрі стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып жатырмыз", деп жазды Италия премьер-министрі X әлеуметтік парақшасында.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 қыркүйекте Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді өз елі тарихындағы ең ұзақ жұмыс істеген үкімет ретіндегі жетістігімен құттықтаған болатын. Тура осы күні Джорджа Мелони басқаратын Италия министрлер кабинетінің үздіксіз жұмыс істегеніне 1413 күн толған еді. Осылайша ол Сильвио Берлусконий үкіметінің қызмет ету мерзімінен де асып түсті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью