Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ұрлық Луиджи Маньянидің жеке коллекциясы сақталған Вилла Маньяни ғимаратында болған. Қаскөйлер кіреберіс есікті бұзып, ішке заңсыз кірген.
Ұрланған туындылардың қатарында Пьер Огюст Ренуардың «Балықтар» картинасы, Поль Сезаннның «Шие қосылған натюрморт» атты суреті және Анри Матисстің «Террасадағы ханым» акварелі бар. Сонымен қатар қылмыскерлер қашу кезінде тағы бір картинаны тастап кеткені хабарланды.
Маньяни қорының басқаруындағы бұл коллекцияға Тициан, Альбрехт Дюрер, Питер Пауль Рубенс, Франсиско Гойя, Антонио Канова және Клод Моне секілді әйгілі шеберлердің туындылары енген. Ол Италиядағы ең маңызды жеке көркемөнер коллекцияларының бірі саналады.
Еске сала кетейік, өткен жылы Лувр музейіндегі тонау Францияны дүр сілкіндірген еді — бірнеше минут ішінде қылмыскерлер Наполеон мен императрица Жозефинаның зергерлік бұйымдарын алып кеткен. Бұл соңғы жылдардағы ең шулы қылмыстардың бірі болды.
Сол оқиғада төрт белгісіз адам атақты музейдің Аполлон галереясындағы екі витринадан жалпы құны 88 млн еуроға бағаланатын сегіз бағалы әшекейді ұрлап кеткен.
Айта кетейік, ақпар айында Парижде Жанна д’Арк мүсінінің қылышы ұрланды.
Ал Бельгияда Наполеонның жүзігі қолды болды.