Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: ашық дереккөз
Мамандардың айтуынша, жоғары температура су булануының қарқынын едәуір арттырған. Климатолог Карстен Брандттың мәліметінше, ыстық күндері су бетінің әр шаршы метрінен 6-7 литрге дейін су буланып кетеді. Гарда көлінің аумағын ескергенде, атмосфераға көтерілетін су көлемі өте ауқымды болып отыр.
Италиялық БАҚ-тың дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта көл тәулігіне шамамен 7,4 миллиард литр су жоғалтады. Бұған тек булану ғана емес, көлге құятын судың азаюы және ауыл шаруашылығы үшін судың көбірек алынуы да әсер етіп отыр.
Сарапшылар жаз мезгілінде Гарда көліндегі су деңгейінің төмендеуі қалыпты құбылыс екенін айтады. Мәселен, 2023 жылдың көктемінде көл суы өте төмен деңгейге түсіп, Сан-Бьяджо аралына жаяу жетуге мүмкіндік туған болатын.
Тарихи ең төменгі көрсеткіш 2007 жылдың қыркүйегінде тіркелген. Дегенмен мамандар биылғы жағдайдың әзірге қауіпті деңгейге жетпегенін атап өтеді.
Соған қарамастан, Гарда көліндегі ахуал Еуропадағы климаттық өзгерістер мен аптап ыстықтың ірі су айдындарына да әсер етіп жатқанын көрсетеді. Экологтар мұндай үрдіс туризмге, ауыл шаруашылығына және өңірдің экожүйесіне ұзақ мерзімді қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.
Еске салайық, Еуропада 21 маусымнан бері тіркелген аптап ыстық салдарынан 1 300-ден астам адам қайтыс болғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ Германияда аптап ыстықтың салдарынан соңғы үш тәуліктің ішінде 20-дан астам адам суға батып қайтыс болған еді.