Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Италия тұрғыны сегізінші кесар тілігінен кейін дені сау қызды дүниеге әкелді. Сәби Веронадағы Борго-Тренто ауруханасында туылды, - деп хабарлайды Tengri Health тілшісі Италияның ANSA ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сегізінші бала - сегізінші ота
Кристинаның хикаясы 2000 жылы алғаш рет жүкті болған кезде басталды. Содан бері әйел сегіз баланы көтеріп, дүниеге әкелді. Аурухана мәліметінше, барлық жүктілік табиғи жолмен өткен, бірақ әрқайсы отамен аяқталған - БАҚ-та мұның себептері нақтыланбайды.
Төртінші жүктілігінен бастап Кристина Верона ауруханасының акушерлік және гинекология бөлімінің директоры, доктор Валентино Бергаминидің бақылауында болған.
Дәл осы Бергамини басқа дәрігер және хирургиялық топпен бірге сегізінші кесар тілігі отасын жасады.
Дәрігерлер тігістің сөгілуін болдырмау және көптеген тыртықтарға байланысты тәуекелдерді азайту үшін тілікті бұрынғы оталар жасалған жерден жасады.
Кесар тілігінің көп болуы неге қауіпті?Дәрігерлер сегіз рет кесарь тілігін жасатуды клиникалық тұрғыдан ерекше жағдай деп атайды. Қиындықтар жүктілік кезінде де, тікелей ота барысында да туындауы мүмкін.
Алдыңғы кесарь тіліктерінен кейін тіндерде тыртықтар қалады. Олар уақыт өте келе құрсақ қабырғасын, жатырды, қуық пен ішекті бір-біріне жабыстырып тастауы мүмкін. Соның салдарынан кіші жамбас мүшелері қалыпты орналасуын өзгертіп, ота жасау қиындай түседі.
"Бұдан бөлек, кесар тілігінің саны көп болғанда, әсіресе ұрықтың дұрыс орналаспауы немесе бала жолдасының жатырға бітіп қалуы кезінде қан кету және мүшелердің зақымдану қаупі артады", - делінген мәтінде.
Сондықтан мұндай жүктілік күрделі акушерлік оталарды жасау тәжірибесі бар, жақсы жабдықталған медициналық орталықта бақылауда болуды талап етеді.
Мұндай босану кезінде акушерлердің, анестезиологтар мен неонатологтардың арнайы тобы дайын тұруы тиіс деп санайды мамандар.
Отбасында Луна есімді қыз дүниеге келдіЖағдайдың күрделілігіне қарамастан, босану сәтті өтті. Кристина мен оның жұбайының отбасында сегізінші бала - Луна есімді қыз дүниеге келді.
Сәби туыла салысымен оны бөлімшеде үлкен аға-әпкелері: үш ұл мен төрт қыз қарсы алды.
Кристинаның өзі туыстарының қолдауының арқасында отадан ешқашан қорықпағанын айтты. Бірақ бұл жолы оған алдыңғы босануларға қарағанда тынығу үшін көбірек уақыт қажет болған.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Қазақстандық әйел үшем босанып, жеті баланың анасы атанды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу