Италиялық азамат байқаусызда қоқысқа 540 миллион теңгеге жуық ақшаны тастап жіберді

07.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Италияның Битонто қаласының тұрғыны лотереядан бір миллион еуро (шамамен 540 миллион теңге) ұтып алды, алайда өз қателігі кесірінен жүлдесінен айырылып қала жаздады. Ұтыссыз деп ойлаған ол билетті қоқыс контейнеріне тастап жіберген, деп хабарлайды Tengri Travel Il Post-қа сілтеме жасап.

Жеңімпаз ұтыс билетін қоқысқа неге тастады?

Бұл ерекше оқиғаны Sanb компаниясының президенті Роберто Тоскано айтып берді. Битонтода қоқыс шығару және тасымалдау жұмысына осы компания жауапты.

Оның айтуынша, ер адам лотерея билетін сатып алып, оны арнайы автомат арқылы тексерген. Экранда билет "төлем жасауға жатпайтыны" туралы хабарлама шыққан. Сатып алушы ештеңе ұтпадым деп шешіп, билетті бірден қоқысқа тастай салған.

Кейін себеп мүлдем басқада екені белгілі болды. Ұтыс сомасының үлкендігі соншалық, автомат оны әдеттегі тәсілмен рәсімдей алмаған.

Ер адам өз қателігін түсініп, билетті сатып алған темекі дүкеніне қайтып келгенде, қоқыс контейнері босатылып, қалдықтарды қоқыс тасушы көлік алып кеткен екен.

Билетті қалай іздеді?

Билетті өз бетінше табу мүмкін емес екенін түсінген жолы болғыш азамат коммуналдық қызметтерден көмек сұраған.

Sanb қызметкерлері контейнерді қай көліктің алып кеткенін анықтап, қалдықтар компакторға - қоқысты қайта өңдеу немесе кәдеге жарату алдында тығыздайтын қондырғыға түскенше тоқтатып үлгерді.

"Абырой болғанда, бұл жексенбі болатын, әйтпесе жүк полигонға жеткізіліп қояр еді. Компакторды тапқан бойда біз оны оқшаулап, қарулы күзет қойдық", - деп әзілдеді Тоскано TGCOM24 телеарнасына берген сұхбатында.

Іздеу жұмыстарын бірден бастау мүмкін болмады. Алдымен коммуналдық қызмет өкілдеріне қалдықты қауіпсіз іріктеуге болатын алаң дайындау қажет болды. QN Quotidiano Nazionale мәліметінше, жұмыс келесі күні таңғы сағат алты шамасында басталған.

Оқиға немен аяқталды?

Бірнеше сағаттық сұрыптаудан кейін қызметкерлердің бірі бақытты билетті тауып алды. Ол басқа қоқыс пен бүлінген лотерея купондарының арасында, жыртылған пакеттің ішінде жатқан.

Бұл олжа жеңімпазды ғана емес, іздеуге қатысқан бүкіл топты қуанышқа бөледі.

Операция басталмас бұрын ер адам іздеуге жұмсалған барлық қосымша шығынды өтеуге міндеттеме беретін құжатқа қол қойған. Енді осы ерекше құтқару операциясының ақысын өзі төлейді.

Айта кетейік, Чехиядағы лотерея қатысушысы бас жүлдеге қажетті барлық санды дәл тауып, 120 миллион еуро ұтып алды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью