Италиялық БАҚ: Қайрат командасы Интерді әбігерге салды

06.11.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Италияның әйгілі Gazzetta.it порталы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші турында өткен миландық «Интер» мен алматылық «Қайрат» арасындағы (2:1) матчқа шолу жасады. Басылым жазғандай, Алматы «алыс ғаламшардағы кішкентай нүкте» болса да, қазақстандық клуб Миланға оңай олжа болмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: kazfootball.kz

«Қайрат» Чемпиондар лигасында бұрынғыдай табандылық танытып, ерлік көрсетті. Алматылықтар «Интерге» қарсы «Сан-Сиро» алаңында италиялықтарды біраз әбігерге салды.

Матч барысында «Қайраттың» жас таланты, 2008 жылы туған Дастан Сатпаев ерекше көзге түсті. Ол алыстан соққы жасап, допты қақпа маңдайшасына тигізді. Айта кетейік, дәл осы жігітті «Челси» 2,5 миллион еуроға сатып алуға келіскен.

Бірінші таймның соңында италиялық командасының ойыншысы Лаутаро Мартинес алғаш болып есеп ашты. Екінші таймда «Қайрат» бұрыштамадан кейін Офри Арадтың басымен соққан добының арқасында есепті теңестірді – 1:1. 

Дегенмен, біраз уақыттан кейін Карлос Аугустоның соққысы «Интерге» жеңіс сыйлады – 2:1. Соңғы минуттарға дейін дес бермеген «Қайрат» матч соңында еуропалық басылымдар тарапынан зор құрметке ие болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью