Италиялық теннисші Янник Синнер мастерс турнирлері тарихында рекорд орнатты

16.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

«Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы Я.Синнер финалда әлемдік рейтингіде 11-орындағы ресейлік Даниил Медведевті 7:6 (8:6), 7:6 (7:4) есебімен жеңіп, үздік атанды.
Осылайша, ол мастерс жарыстарының тарихында бұған дейін ешкім бағындырмаған биікке қол жеткізді.

Opta Sport статистикалық порталы мәліметіне қарағанда, 1990 жылдан бері Я.Синнер қатарынан екі мастерс жарысында бірде-бір сет ұтылмастан озық шыққан бірінші теннисші атанды. 

Сонымен қатар италиялық теннисші барлық алты мастерс турнирінде чемпион атанған ең жас теннисші атағына да ие болды. Бұл нәтижеге ол 24 жас, 200 күнге толған шағында қол жеткізді. Осыған дейін рекордтық көрсеткіш ұлыбританиялық Энди Маррейге (2016 жыл, Париж, 29 жас, 169 күн) тиесілі еді.

Я.Синнер Индиан-Уэллске дейін Майами (2024), Монреаль (2023), Цинциннати (2024), Шанхай (2024), Париж (2025) мастерс додаларында топ жарды. 

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик биыл Индиан-Уэллсте үшінші айналымда күтпеген жерден аустралиялық Ринки Хидзикатадан жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индиан-Уэллс турнирінде Елена Рыбакинаның финалда әлемнің 1-ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллстен кейін Майами турнирінде бақ сынайтыны хабарланды. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью