Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматы облысы Мерей ауылының тұрғындары екі көрші әйелді жануарды қатыгездікпен өлтіруді ұйымдастырды деп айыптады. Өңірлік полиция жағдайға қатысты тпікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы Мерей ауылының тұрғындары екі көрші әйелді жануарды қатыгездікпен өлтіруді ұйымдастырды деп айыптады. Өңірлік полиция жағдайға қатысты тпікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?Жануарларды өлтіру оқиғасы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Жазба авторларының айтуынша, бұған екі жергілікті тұрғын бастамашы болған.
Олар тұрғын үйлер маңындағы аулада жүрген итті атып тастау үшін бір ер адамды шақырған көрінеді.
Жазбада оқиғаны өз көзімен көрген ауыл тұрғыны бұл жағдай баласының көз алдында болғанын айтады.
Полиция не дейді?"Әйелдің айтуынша, ол болып жатқан жағдайды телефонға түсіре бастағанда, жанжал қатысушыларымен төбелес басталған – оны телефонын тартып алмақ болып, итерген. Жазба авторы итті жергілікті тұрғындар танып, тамақтандырып жүргенін, ал болған оқиға куәгерлердің ашуын тудырғанын алға тартады", – деп жазылған желідегі жазбада.
Алматы облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Тергеудің объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиға куәгерлерінен жауап алды. Оқиғаның барлық мән-жайы зерттеліп жатыр", – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті
12 мамыр 22:48 2
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Жануарларға қатыгездік көрсетуБұған дейін Атырауда итті аяусыз сабаудың адам шошытарлық кадрлары әлеуметтік желілерде тарады. Видеода 39 жастағы әйел итті күрекпен ұрған. Оқиғадан кейін бірден жануарды атыраулық ерікті әрі жаттықтырушы Мамочур Канович өз қамқорлығына алды, біз онымен иттің алдағы тағдыры туралы сөйлескен болатынбыз.
Тағы бір жағдай Алматыда болды, белгісіз біреу итті көлікке шынжырмен байлап, жол бойымен сүйреген.
Қатыгездікпен қарағаны үшін жазаҚазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-1-бабын – "Жануарларға қатыгездікпен қарау" - қатаңдату жоспарланған. Бұл туралы сәуірде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нүркен Шәрбиев айтты.
Атап айтқанда, егер іс-әрекеттерде қылмыстық құрам болмаса, ӘҚБтК-нің 407-1-бабы бойынша айыппұлдар айтарлықтай өседі:
жеке тұлғалар үшін – 5-тен 30 АЕК-ке дейін (2026 жылы 21 625-тен 129 750 теңгеге дейін); лауазымды тұлғалар үшін – 10-нан 50 АЕК-ке дейін (43 250-ден 216 250 теңгеге дейін).Сондай-ақ жануарларды аулау, ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін де айыппұлдар көтеріледі:
жеке тұлғалар үшін — 10-нан 15 АЕК-ке дейін (43 250-ден 64 875 теңгеге дейін); лауазымды тұлғалар үшін — 20-дан 30 АЕК-ке дейін (86 500-ден 129 750 теңгеге дейін); заңды тұлғалар үшін — 30-дан 40 АЕК-ке дейін (129 750-ден 173 000 теңгеге дейін).Бұдан бөлек, жануардан бас тарту немесе оны далаға тастап кету үшін жауапкершілік енгізіледі. Мұнда мынадай айыппұл қарастырылған:
жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК (129 750 теңге); лауазымды тұлғалар үшін — 50 АЕК (216 250 теңге); заңды тұлғалар үшін — 100 АЕК (432 500 теңге).Тағы да оқыңыз: Мәжіліс қаңғыбас жануарлар туралы заңға байланысты Сенатпен келісті
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу