Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Грек-рим күресінен 97 келідегі Иусуф Мациев финалдық бәсекеде Украина спортшысы Егор Якушенкоға 1:6 есебімен есе жіберді.
- Отандасымыз әлем чемпионатында Кио Китавакиді (Жапония) 2:1, Аршак Гегамианды (Армения) 4:0, Максим Аверинді (бейтарап спортшы) 9:1 есебімен ұтты, - делінген Спорт комитетінің жазбасында.
Иусуф Мациев бұған дейін - 2022 жылы Болгария төрінде 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатында да күміс медаль иеленген еді.
Ал 2024 жылы Иусуф Мациев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.