Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
— ИЫҰ Бас хатшылығы жаңа Конституциясы бойынша референдумда байқаушы ретінде Қазақстанға миссияны бағыттады. Референдумның алдын ала шығарылған нәтижесі ел халқының белсенді қатысқанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, Бас хатшылық референдумның ашық әрі заң талаптарына сәйкес өтуін жоғары бағалайды, — деді Имран Садихов елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол бұл ұлттық маңыздағы оқиғаның сәтті өтуіне байланысты Қазақстан халқына ИЫҰ Бас хатшылығының құттықтауын жеткізді.
— Атап айтқанда, Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының белсенді әрі маңызды мүше саналады. Бұл ретте, ИЫҰ Қазақстандағы орнықты дамуды ілгерілетуге қолдау көрсетуге әзір, — деді Имран Садихов.
Айта кетейік, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жалпыұлттық референдум өтті.
Биыл 12 ақпанда Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қорытынды жобасы жарияланды.
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.
Республикалық референдумда берілген бюллетеньде «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылды.
16 наурызда Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.