Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Мәлімдемеде айтылғандай, алдыңғы шептегі қорғаныс операциялары аясында 146-дивизияның 300-бригадасы Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» ұйымының нысандарын жоюға бағытталған әрекеттерді жүргізіп жатыр. Өткен апта ішінде әскери күштер «Хезболлаға» тиесілі 80-нен астам инфрақұрылым нысанын жойып, сол аудандағы осындай нысандардың бірінен шыққан екі қарулы адамды залалсыздандырған.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операцияларды бастағаннан кейін, Ливанда әрекет ететін, Иранды қолдайтын радикалды «Хезболла» қозғалысы Израиль аумағына шабуыл жасай бастады. Бұдан кейін Израиль Ливанға қарсы әскери операцияларға көшті.
Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Хезболлаға» қарсы әскери әрекеттер қайта басталғалы бері Израиль соққылары салдарынан 900-ден астам адам қаза тауып, 2100-ден астамы жараланған.
Осыған дейін Израиль Бейрутте тұрғын үйді жермен жексен еткені туралы жаздық.