Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Axios басылымының дерегінше, жүйемен бірге Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) бірнеше ондаған әскери қызметкері де барған. Бұл шешім Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид әл-Нахаян арасындағы телефон әңгімесінен кейін қабылданған.
БАӘ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Иран ел аумағына шамамен 550 баллистикалық және қанатты зымыран, сондай-ақ 2200-ден астам дрон ұшырған. Олардың басым бөлігі әуе қорғаныс жүйелері арқылы жойылғанымен, кейбірі әскери және азаматтық нысандарға жеткен.
Бұл – Израильдің «Темір күмбез» жүйесін үшінші елге алғаш рет орналастыруы. Бұған дейін мұндай жүйе тек Израиль мен АҚШ аумағында қолданылған.
Израиль және БАӘ өкілдерінің айтуынша, қақтығыс басталғалы екі ел әскери және саяси бағытта тығыз үйлесімді жұмыс істеп келеді.
Израиль мен БАӘ 2020 жылы бейбіт келісімге қол қойған. Соңғы жылдары кейбір мәселелер бойынша келіспеушіліктер болғанымен, қазіргі таңда екі ел арасындағы әріптестік бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен.
Айта кетейік, жақында БАӘ мен АҚШ дағдарыс жағдайындағы қаржылық қолдау мәселесін талқылады.