Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Израиль билігі Газа секторындағы Мысырмен шекарадағы «Рафах» бақылау-өткізу пунктін ішінара ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды АА. Бұл шешім Газада қалған соңғы тұтқын – Ран Гвилидің денесін іздеу операциясы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылмақ.
Премьер-министр кеңсесінің мәліметінше, «Рафах» тек жаяу жүргіншілер үшін ашылады және Израиль армиясының бақылау тетіктерін толық сақтаған жағдайда ғана жұмыс істейді. Ашылу мерзімі нақты көрсетілмеген.
Channel 12 телеарнасы америкалық ресми тұлғаға сілтеме жасап, өткел осы аптаның соңына қарай ашылуы мүмкін екенін хабарлады. АҚШ билігі Тель-Авивке қысым көрсетіп, шекара бекетін ашуды талап етіп отыр.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 10 қазандағы атысты тоқтату келісімі аясында ХАМАС Израильге 20 тұтқынды және 28 қаза тапқан тұтқынның 27 денесін қайтарған. Алайда Ран Гвилидің денесі әлі табылған жоқ. Осы себепті Израиль билігі 2024 жылдың мамырынан бері «Рафахты» ашудан бас тартып келген.
Газаны басқару ұлттық комитетінің төрағасы Али Шаас Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға жолдаған бейнеүндеуінде «Рафах» осы аптада екіжақты қозғалыс үшін ашылады деп мәлімдеді.
Бүгін, 13:16