24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Израиль әскері Газа секторындағы жеті нысанға әуе соққыларын жасап 32 адам қаза болды.
Тағы 30--ға жуық азамат жарақаттанған. Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. ЦАХАЛ бұған дейін Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында туннельден сегіз содырдың шыққанын хабарлаған еді. Олардың үшеуі соққы салдарынан опат болды, төртіншісі – ХАМАС-тың маңызды қолбасшысы тұтқындалды. Қайтыс болғандардың арасында Хан-Юнистегі лагерь тұрғындары әйелдер мен балалар бар. Бейбіт келісім күшіне енгелі тараптар бітімді бұзғаны үшін бірін-бірі айыптап келеді. Мысыр мен Қатар Израильдің бұл әрекетін сынға алды. Атысты тоқтату режимі аясында бүгін Газа секторы мен Мысыр шекарасындағы «Рафах» өткізу бекеті өз жұмысын бастауға тиіс.