24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Израиль әуе күштері Газа секторында босқындар лагерін бомбалады. Уақытша шатырлар отқа оранып, 5 адам қаза тапты.
Рейтер агенттігінің дерегіне қарағанда көз жұмғандардың екеуі бала. Әуе шабуылы Хан-Юнис қаласының батысына жасалған. Израиль әскерилері соққы ХАМАС-қа бағытталған деп мәлімдеді. Тель-Авив таяуда Рафах өткізу бекетін ашатынын жеткізді. Бұл палестиналықтардың Газа секторынан Мысырға кетуіне мүмкіндік береді. Израиль ресми өкілдерінің мәліметі бойынша шара Еуроодақтың бақылауымен жүзеге асады. Осылайша Тель-Авив ХАМАС-пен бейбіт келісімді сақтауға ниетті екенін көрсетпек. Алайда Египет Рафах бекетін ашу туралы ақпаратты жоққа шығарды.