Израиль Газаға гуманитарлық көмекті шектейді

01.01.2026

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Израиль 2026 жылдан бастап Газа секторы және Батыс жағалауда 37 халықаралық гуманитарлық ұйымның жұмысын тоқтатады. 

Ресми мәлімдемеге сүйенсек, бұған жаңа қауіпсіздік талаптарын сақтамау, яғни қызметкерлер туралы толық мәлімет беруден бас тарту себеп болып отыр. Израиль бұл шаралар гуманитарлық ресурстарды қарулы топтардың пайдасына қолдануға жол бермеуге бағытталғанын жеткізді. Израильдің шешімін Біріккен ұлттар ұйымы мен  бірқатар ел қатаң сынға алды. Өйткені дәл осы ұйымдар Газаның аурухана қорының шамамен 20%-ын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью