Израиль Иранның жоғарғы көшбасшысы пайдаланған ұшақты жойғанын мәлімдеді

16.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) хабарлауынша, дүйсенбіге қараған түні әскери-әуе күштері Тегерандағы Мехрабад әуежайы аумағында Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи пайдаланған ұшақты жойған.

Аталған әуе кемесі Хаменеи және Иранның басқа да жоғары лауазымды шенеуніктері тарапынан ел ішіндегі және халықаралық сапарлар үшін, сондай-ақ «қарсылық осі» деп аталатын одақтас мемлекеттермен өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында қолданылған.

— Ұшақтың жойылуы ирандық режим басшылығының «ось» елдерімен әрекетін үйлестіру, әскери әлеуетін дамыту және мүмкіндіктерін қалпына келтіру қабілетіне соққы береді, — делінген израильдік әскерилердің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ЦАХАЛ осы айдың басында израильдік авиация Мехрабад әуежайына соққы жасап, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының «Кудс» арнайы бөлімшесі пайдаланған 16 ұшақты жойғанын хабарлады. Израиль тарапының дерегінше, бұл ұшақтар одақтас топтарға, әсіресе Ливандағы «Хезболла» ұйымына қару-жарақ пен қаржы тасымалдау үшін қолданылған.

Израиль әскері кейбір ұшақтарды Иран тарапы анықтауды қиындату үшін есептен шығарылған авиациялық техникалар сақталатын аймақтарға жасырғанын да атап өтті.

Мехрабад әуежайы — Тегерандағы ең көне әуежайлардың бірі. Қазіргі уақытта ол негізінен ішкі және өңірлік рейстерге қызмет көрсетеді, бірақ Иранның әскери-әуе күштері де пайдаланады.

Бұған дейін Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейде ем қабылдап жатқаны хабарланған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью