Израиль Ливанда шабуыл операциясын бастады

02.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Израиль Ливандағы "Хезболла" қозғалысына қарсы шабуыл операциясын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Израиль Ливандағы "Хезболла" қозғалысына қарсы шабуыл операциясын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Бас штабының бастығы Эяль Замир мәлімдеді.

"Біз "Хезболлаға" қарсы шабуыл науқанын бастадық. Біз тек қорғаныста әрекет етіп жатқан жоқпыз, енді шабуылға да көшеміз. Ұзаққа ұрыс күндеріне дайын болу қажет", - деді Замир әскери қызметкерлермен өткен кеңесте.

Бұған дейін ливандық "Хезболла" тобы Израильдің Хайфа қаласына зымыран және дрон соққыларын жасап, мұны "Али Хаменеидің қаны үшін кек" деп атаған болатын. Ол кезде зымырандардың бір бөлігі әуе қорғаныс жүйесімен ұсталып, қалғандары ашық аумаққа түскені хабарланған.

Жауап ретінде Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Ливан аумағындағы "Хезболла" ұйымының нысандарына соққы бере бастады.

БАҚ мәліметінше, Израильдің Ливанға жасаған соққысы салдарынан "Хезболланың" саяси қанатының жетекшісі Мохаммед Раад қаза тапқан. Ол Ливан Ұлттық ассамблеясындағы (парламентіндегі) "Қарсылыққа адалдық" атты парламенттік блоктың жетекшісі болған.

Сондай-ақ Бейруттың оңтүстік маңындағы аудандарға жасалған соққылар салдарынан кемінде 10 адамның қаза тапқаны хабарланды.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған болатын. Тель-Авив соққылардың мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп өз кезегінде Иранның флотын және қорғаныс өнеркәсібін жою ниеті бар екенін айтып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью