24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Израиль Ливанның солтүстік аймақтарын әуеден шабуылдап, 2 адам қаза тапты.
Оқиға Хош-эс-Сейид Али елді мекенінде болды. Израиль әскері «Хезболла» қозғалысы бекеттерін нысанаға алдық дейді. Ресми Бейрут шабуылға қатысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ. Тараптар 2024 жылы атысты тоқтату туралы келісімге қол қойған. Осыған қарамастан Израиль оның аумағын атқылауды жалғастырып келеді. Биыл жыл басынан бес мыңнан астам соққы жасаған. Салдарынан 376 адам қаза тауып, 1 мыңға жуық тұрғын жараланды.