Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Израиль Ливанның оңтүстігін бомбалап, 2 адам қаза тапты.
Тағы 5 тұрғын жараланған. Бұл туралы "Эн-Эн-Эй" ((NNA)) ақпарат агенттігі хабарлады. Израиль әскері "Хезболла" ұйымы мүшелерінің көзін жоюды және әскери нысандарын талқандауды мақсат еткенін айтады. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қарашасында Израиль мен "Хезболла" арасында оқ атпау туралы келісім күшіне енген еді. Бірақ Израиль шабуылдарды әлі күнге дейін тоқтатар емес. Араб елінің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, содан бері 350-ден астам адам ажал құшқан.