Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Израиль мен АҚШ Нетенз қаласындағы ядролық нысанға соққы жасады, деп хабарлайды РИА Новости Иранның атом энергиясы ұйымына сілтеме жасап.
"Бүгін таңертең Натензедегі шахид Ахмади Роушан атындағы уран байыту кешені шабуылға ұшырады", - деп мәлімдеді ведомство.
Радиоактивті материалдардың таралуы тіркелмеген, жақын маңдағы елді мекен тұрғындары үшін қауіп жоқ. Сонымен қатар ұйым бұл соққының ядролық қауіпсіздікке қатысты халықаралық нормаларға қайшы екенін атап өтті.
Бұл Вашингтон мен Тель-Авив тарапынан Нетенздегі нысанға жасалған алғашқы соққы емес. Бұған дейін Иран билігі қарсы тарап 1 наурыз күні бұл кешенге екі мәрте соққы жасағанын хабарлаған. Ол кезде де радиациялық ластану туралы мәлімет түспеген.
АҚШ пен Израильдің Ислам Республикасына қарсы жүргізіп жатқан операциясы үшінші аптаға жалғасуда. Осы уақыт аралығында тараптар бір-біріне соққы жасады. Тель-Авив өз мақсаты ретінде Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеуді атады. Ал Вашингтон Иранның әскери әлеуетін жоюы мүмкін екенін ескертіп, ел азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды.
Өз кезегінде Иран тарапы қорғануға дайын екенін мәлімдеп, әзірге келіссөздерді қайта жандандыруға негіз көрмейтінін жеткізді.