Израиль парламенті аннексия туралы заң жобасын қабылдады

23.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Израиль парламенті Иордан өзенінің Батыс жағалауын аннексиялау туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Құжатты 25 депутат қолдап, 24-і қарсы шыққан. Заң жобасы алдағы үш кезеңде қаралады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың партиясы бастаманы қолдамағанымен, коалиция мүшелерінің бір бөлігі аннексияны жақтап отыр. Айта кетейік, заң жобасы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Израильге ресми сапары аясында талқыланып жатыр. Алайда бір ай бұрын Дональд Трамп Израильге Палестина жерін басып алуға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью